2026 жылғы 11 ақпанда Astana International University университетінің
өкілдері Астана қаласындағы №92 мектепте өткен мамандықтар
жәрмеңкесіне қатысты. Сонымен қатар жәрмеңкеге Педагогикалық
институттың оқытушылары да қатысты. Іс-шара барысында оқушылар мен
ата-аналарға университет ұсынатын білім беру бағдарламалары, қабылдау
талаптары және оқу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Жәрмеңке аясында тілдік білім беру бағдарламалары таныстырылды.
Атап айтқанда, «Ағылшын тілі (IP)» және қос дипломды «Ағылшын және
қытай тілі» бағдарламалары ұсынылды. Аталған бағдарлама бойынша Beijing
Language and Culture University (BLCU) университетінің өкілінің қатысуы
талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан жоғары қызығушылық
тудырды.
«Ағылшын тілі (IP)» бағдарламасы жаңартылған, инновациялық
форматтағы білім беру бағдарламасы ретінде таныстырылды, ал «Ағылшын
және қытай тілі» бағдарламасы беделді әрі болашағы зор бағыт ретінде
ұсынылды.
Astana International University университетінің жәрмеңкеге қатысуы
болашақ талапкерлерді ақпараттандыруға және мектептермен
ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

