AIU шетелдік студенттерге ашық

2026 ж. 21 қаң., ср, 10:00

2026 жылғы 20 қаңтарда Astana International University қабырғасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуға келген Тәжікстан мен Қырғызстаннан келген студенттермен мазмұнды әрі жылы кездесу өтті.

Шетелдік студенттер Сотим Улугзода атындағы Тәжік халықаралық университеті (Душанбе қ., Тәжікстан) және Ош мемлекеттік университеті (Ош қ., Қырғызстан) университеттерімен жасалған ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде білім алуда.

Кездесуге университет басшылығы, сондай-ақ Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің және Педагогикалық институттың декандары қатысты. Бұл академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастыққа көрсетілетін жоғары деңгейдегі қолдауды айқындайды.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін таныстырып, AIU-дағы оқу мен студенттік өмір туралы алғашқы әсерлерімен бөлісті, сондай-ақ көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Талқылау барысында білім алу мүмкіндіктері, академиялық орта, мәдени алмасу және серіктес университеттер арасындағы болашақ ынтымақтастық перспективалары сөз болды.

AIU Президенті университеттің шетелдік студенттерге ашық екенін атап өтіп, халықаралық академиялық байланыстарды жүйелі түрде дамытып келе жатқанын, студенттердің оқуына, бейімделуіне және кәсіби дамуына қолайлы жағдай жасалатынын айтты. Оның айтуынша, мұндай кездесулер серіктестік қатынастарды нығайтуға, мәдениетаралық диалогты кеңейтуге және біртұтас академиялық кеңістік қалыптастыруға ықпал етеді.

AIU академиялық ұтқырлық бағдарламаларын халықаралық білім беру кеңістігіне кірігудің маңызды тетігі ретінде қарастырып, оларды белсенді түрде қолдап келеді.


140