Астана халықаралық университетінің оқытушысы ҚХА марапатына ие болды

2025 ж. 15 жел., дс, 10:20

           Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Жас ғалымдар клубының белсенді мүшелерін марапаттады. Еліміздегі қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға қосқан үлесі үшін Астана халықаралық университетінің аға оқытушысы, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының мүшесі Айдар Хамит Ассамблея тарапынан марапатқа ие болды.
          Астана халықаралық университеті қоғамдық келісім, этносаралық қатынастар және әлеуметтік зерттеулер саласында жас ғалымдарды даярлау мен ғылыми бастамаларды қолдауды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді.Университет ғалымдарының ҚХА алаңындағы белсенділігі -ұлттық бірлік пен зияткерлік әлеуетті дамытуға қосқан нақты үлесінің көрінісі.


408