2025
жылғы 24-25
қараша күндері Астана халықаралық университетінің өкілдері Беларусь, Өзбекстан,
Қазақстан, Ресей және Қытай елдерінен келген алпысқа жуық әйел-сарапшы мен
ғалымның қатарында «Әйелдердің ШЫҰ-ға көзқарасы: жаһандық басқарудың жаңа
пайымы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысты. Аталған іс-шара Қытайдың
2024–2025 жылдардағы ШЫҰ-ға төрағалығының ресми қорытындылар тізіміне
енгізіліп, сондай-ақ Шанхайдың ғылыми қоғамдарының XIX Академиялық айы
бағдарламасы аясында өтті.
Конференция
барысында Еуразияны зерттеумен айналысатын ШЫҰ-ға мүше елдердің әйел-ғалымдары,
әйел-саясаткерлері және әйел-мемлекеттік қызметшілері бірқатар өзекті
мәселелерді талқылады, атап айтқанда:
•
ШЫҰ шеңберіндегі жаһандық басқарудың жаңа мүмкіндіктері мен сын-қатерлері;
•
өркениеттер диалогы және гуманитарлық алмасулар;
•
халықаралық коммуникация және өңірлік бірегейлік;
•
ШЫҰ аясындағы іскерлік орта мен сауда-экономикалық ынтымақтастық.
Сонымен
қатар, 28-30
қараша аралығында Шанхай шет тілдер университетінде (SISU) екі маңызды
симпозиумды біріктірген ірі халықаралық конференциялар өтті: Ресей, Шығыс
Еуропа және Орталық Азия бойынша пәнаралық зерттеулердің 5-форумы, сондай-ақ
тіл, мәдениет және білім беру салаларындағы Ұлы Жібек жолы бойындағы
құндылықтардың көптүрлілігіне арналған 11-симпозиум.
Аталған
конференцияларға Астана халықаралық университетінің өкілдерімен бірге Қытай,
Ресей, Өзбекстан, Қазақстан, Сербия және басқа да елдерден келген 200-ден астам
ғалым, оқытушы, зерттеуші және сарапшы қатысты. Олардың қатарында жетекші
университеттердің, ғылыми-зерттеу институттарының және дипломатиялық
құрылымдардың өкілдері болды.



