AIU студенттері химия олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті

2025 ж. 19 қар., ср, 08:53

2025 жылғы 13 қараша күні Astana International University базасында, №1 оқу корпусындағы 310 және 316 зертханаларда «6В01503 - Химия» білім беру бағдарламасының 1 және 3 курс студенттері арасында химия пәнінен олимпиаданың теориялық кезеңі өтті.

Іс-шараны «Химия» мамандығының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды. Байқау материалдарын әзірлеуге халықаралық және республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері  «7М01503  Химия» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Каиров Нұрлан және 2-курс студенті Акрамов Асланбек қатысты. Жас зерттеушілер химия ғылымының негізгі бөлімдерін қамтитын 50 тапсырма дайындады.

Олимпиаданың мақсаты - талантты студенттерді анықтау, ғылыми зерттеулерге қызығушылықты арттыру және болашақ мамандардың практикалық дағдыларын дамыту.

Жалпы қатысушылар саны - 29 студент: 20 - 1 курс, 7 - 2 курс, 2 - 3 курс студенттері.

Бүгін олимпиада қорытындылары шығарылып, теориялық тур нәтижесі бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:
1
орын - Бекбол Ақарай, Кадиргали Медет;

2 орын–Мұрат Аңсар, Маханбет Даулеткерей, Молдабаев Əділжан;

3 орын -Шаңғытбай Жадыра, Рахметулла Камиля, Есімхан Дария, Талисбай Динара, Қайырғали Берекет, Мурадов Жалгасбай.

Қалыптасқан химиктер командасына алдағы сайыстарда жемісті еңбек, зор табыс тілейміз! Университетіміздің жетістіктерін жаңа биік деңгейге көтере берсін!

Бүгінгі таңда жүлдегерлеріміз соңғы 5 жыл ішінде 9 медаль иеленді: Республикалық деңгейдегі олимпиадалардан 3 күміс медаль (жеке және командалық нәтижелерді үш мәрте қайталап), халықаралық олимпиадалардан 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды! 

Химия мамандығының оқытушылық құрамы 17.11.25 ж.


700