2025 жылғы 4 қазанда Ақмола облысының Шортанды ауданында,
Астана қаласының жасыл белдеуінде ауқымды экологиялық ағаш отырғызу шарасы
өтті. Оны Астана халықаралық университеті, Ұлттық еріктілер желісі және «Жасыл
аймақ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының қолдауымен «Қарағаш» қоғамдық
қоры ұйымдастырды.
Шара
барысында елорданың жасыл белдеуін қалпына келтіру мен нығайтуға бағытталған
2200 ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараға 50-ден астам волонтер қатысты, оның
ішінде Астана халықаралық университетінің студенттері, Жаратылыстану ғылымдары
жоғары мектебінің оқытушылары: Айман Қарабалаева, Шолпан Әбілова, Нұрқұйған
Әуезова, Айдана Қыдырова және Салтанат Жаңабаева.
Көгалдандыру алдында еріктілер отырғызу техникасы және
көшет күтімі туралы қысқаша брифинг алып, одан кейін Қазақстанның табиғи
мұрасын жасылдандыру мен сақтауға бірлесе үлес қосты.
«Таза
Қазақстан» акциясы – бұл жай ғана экологиялық бастама емес, студенттерді,
мұғалімдерді, қоғамдық ұйымдарды және тұрақты даму жолында планетамыздың
болашағын ойлайтындардың барлығын біріктіретін қозғалыс!
Барлық
қатысушыларға белсенділіктері, бірліктері, табиғатқа қамқорлықтары үшін алғыс
айтамыз! Біз бірге Қазақстанның жасыл болашағын жасаймыз.