2025 жылғы 2 қазанда
Astana International University Жаратылыстану жоғары мектебінде «Жаратылыстану
ғылымдарында жасанды интеллект: қолданудың этикалық және әлеуметтік салдары»
тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
 Өтетін орны: 332-аудитория, Жаратылыстану
ғылымдар жоғары мектебі,  
Қабанбай батыр көшесі, 8  
 Форматы: офлайн
 Мақсаты: 
Жаратылыстану ғылымдарына ЖИ енгізуге
байланысты этикалық, әлеуметтік және экологиялық сын-қатерлерді талқылау.
 Талқыланатын сұрақтар:
- ЖИ ғалымды ғылыми зерттеулерде алмастыра
ала ма?  
- ЖИ ғылыми адалдық принциптерін бұза
ма?  
- ЖИ ғылым мен білім саласындағы еңбек
нарығына қалай әсер етеді?  
- ЖИ-инфрақұрылымының экологиялық салдары
қандай?  
- Ашық деректер мен құпиялылық: шекарасы
қайда?
 Модератор: Муратов Р.М. — ЖҒЖМ деканы  
 Қатысушылар: профессор-оқытушылар құрамы,
докторанттар, магистранттар, студенттер, шақырылған сарапшылар
 Қатысу форматы:
- Қысқа баяндама (5 минутқа дейін)  
- Ашық пікірталас  
- «Сұрақ–жауап» сессиясы
Тіркелу және баяндама тақырыптарын ұсыну
мерзімі — 2025 ж. 30 қыркүйекке дейін  
Эдвайзер-кураторға немесе ұйымдастырушы
Айман Авезовнаға хабарласыңыз. 
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!
