AIU БИЗНЕС-ИНКУБАТОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ «АТАМЕКЕН» КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА

2025 ж. 28 қыр., жс, 08:06

2025 жылғы 23 қыркүйекте Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы алаңында Кәсіпкерлер палатасының Салалық емес іскер әйелдер кеңесінің отырысы сәтті өтті.

 Іс-шара барысында қатысушылар «Даму» қорының жаңа қолдау құралдары туралы толық ақпарат алып, «QazInnovations» ұйымының гранттық қаржыландыру мүмкіндіктерімен танысты және қайтарымсыз грант алу үшін өтінімді қалай дұрыс беру керектігін білді.

Шара бизнесін дамытуға мүдделі, белсенді және бастамашыл кәсіпкерлердің басын қосты.

Іс-шараға сертификаттар берілетін инкубациялық бағдарламаларды жүзеге асырып, стартаптарды идеядан іске асыруға дейін қолдайтын Астана Халықаралық Университетінің бизнес-инкубаторының ұйымдастырушылары қатысты.

 


273