Ибраев Алишерді «Жер иелерінің және жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғау мәселелері: сот тәжірибесіне талдау» атты ғылыми жобасы грант иегері атануымен құттықтаймыз!

2025 ж. 25 шіл., жм, 12:55

Ғылыми ой мен құқықтық бастаманың жеңісі!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған ғылыми зерттеулерге арналған гранттық қаржыландыру байқауында Астана халықаралық университетінің Жоғары құқық мектебінің аға оқытушысы Ибраев Алишер жеңіске жеткенін зор мақтанышпен хабарлаймыз!

Жоғары бағаға ие болған бұл жоба қазіргі құқықтық дискурстың аса өзекті мәселелерінің бірі - жерге меншік құқығын, пайдалану және иелік ету құқығын тиімді қорғауға арналған. Экономикалық өзгерістердің қарқыны артқан, аграрлық салада инвестициялық белсенділік өскен және табиғи ресурстарды тұрақты басқаруға деген сұраныс күшейген қазіргі кезеңде бұл тақырып стратегиялық маңызға ие болып отыр.

Зерттеудің негізгі бағыты - құқық қолдану тәжірибесіне терең талдау жасау, қолданыстағы заңнаманың осал тұстарын анықтау және оны жетілдіруге бағытталған негізделген ұсыныстар әзірлеу.
Ерекше назар жер даулары бойынша шығарылған сот шешімдерін зерделеуге аударылады. Бұл зерттеу жер иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын қорғаудың нақты механизмдерін ашуға, сондай-ақ құқықтық кепілдіктерді күшейтуге бағытталған тиімді заң құралдарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Жоба нәтижелері Қазақстанның ұлттық құқықтық жүйесін дамытуға елеулі үлес қосып, азаматтардың сот арқылы қорғалу деңгейін арттыруға, әрі жер қатынастарын реттеудің әділ, ашық әрі тұрақты моделін қалыптастыруға ықпал етеді деп күтілуде.


319