2025 жылдың 5 сәуірінде Astana
International University-де, Экономика жоғары мектебі базасында, «AIU BUSINESS INNOVATION»
5-инкубациялық бағдарламасының аяқталуына арналған Demo Day іс-шарасы өтті.
Іс-шараға ішкі туризмді дамыту мен цифрлық бағдарламалар мен қосымшаларды
әзірлеу сияқты түрлі салалар бойынша жобаларын ұсынған 18 команда қатысты.
Қатысушылар өз еңбектерінің нәтижелерін шақырылған сарапшылар алдында
таныстырып, жобаларын одан әрі дамытуға қатысты пікір мен ұсыныстар алды.
Бастапқы кезеңдегі кәсіпкерлерді
қолдаған қонақтар мен сарапшылар қатарында: «ҰИДА QazInnovations» АҚ басқарма
төрағасы Аханов С.Ж., «MG First» консалтингтік компаниясының директоры
Пирманова М.Г., «ORDA BUSINESS» бизнесті қолдау және дамыту қауымдастығы» заңды
тұлғалар бірлестігінің басшысы Ахметова Н.С., Politecnico di Milano университетінің
PhD докторы, «Әкімдер мектебі» бағдарламасының авторы Каженов С.Г., «AI
Pradavan» компаниясының теңқұрушысы және техникалық директоры, жасанды
интеллект саласының маманы Маукенов Б. болды.
Презентациялардан кейін барлық қатысушыларға «ҰИДА QazInnovations» АҚ-нан 20 миллион теңгеге дейінгі гранттық қаржыландыру байқауына өтінім беру мүмкіндігін беретін сертификаттар табысталды.Бағдарламаға қатысып, соңғы іс-шараны қолдаған баршаңызға алғыс айтамыз. Командалар жобаларымен әрі қарай жұмыс істеуде және даму жолындағы жаңа кезеңдерге дайындалуда.
Бағдарлама түлектеріне
бизнес-идеяларын жүзеге асыруда сәттілік пен табыс тілейміз!