GeoStock компаниясымен кәсіби кездесу: Тахеометр және GPS-қабылдағышпен тәжірибе

2025 ж. 4 сәу., жм, 06:00

2025 жылдың 3 сәуірінде Жаратылыстану жоғары мектебінің бірінші курс студенттері тәжірибеге бағытталған оқыту аясында GeoStock компаниясының мамандарымен кездесті.
✅ Компания өкілдері келесі тақырыптар бойынша оқыту шеберлік сабағын өткізді:

  • тахеометрді дала жағдайында қолдану;

  • GPS-қабылдағыштармен жұмыс жасау;

  • геодеректерді жинау және өңдеу тәжірибесі.

Студенттер геодезия және туризм салаларындағы болашақ кәсіби қызметіне пайдалы болатын құнды білім мен практикалық дағдылар алды.


256