AIU шетелдік студенттерді тарту мәселесін Beijing Glen International Education Technology Co., Ltd. компаниясымен талқылауда

2025 ж. 20 нау., бс, 08:40

AIU шетелдік студенттердің санын қалай арттыра алады және өз білімін басқа елдерден келген студенттер үшін қолжетімді ете алады? Осы мәселелер Beijing Glen International Education Technology Co., Ltd. компаниясының өкілдерімен кездесу барысында басты назарда болды.

Компанияның бас директоры Цяо Хунтао (乔红涛) Қытайда шетелдік студенттер санына шектеу қойылғанын атап өтті – әр университеттегі шетелдік студенттер жалпы контингенттің 10%-ынан аспауы тиіс. Бұл ел ішіндегі оқу орындарына түсу бәсекесін күшейтіп, шетелдік білімге деген сұранысты арттырып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, AIU қытайлық студенттерге сапалы білім беру бағдарламаларын ұсынатын әлеуетті серіктес ретінде қарастырылады.

Кездесу барысында AIU-ға қытайлық студенттерді көптеп тарту бойынша нақты қадамдар талқыланды. Ең қажетті бағыттар – IT, халықаралық қатынастар, ағылшын тілі және қыркүйек айында басталатын жаңа бағдарламалар қарастырылды. Сондай-ақ, AIU-дың Қытайдың білім беру компанияларымен және университеттерімен ынтымақтастығын кеңейту арқылы халықаралық аудиторияны кеңейту тетіктері талқыланды.

Бұдан бөлек, қос дипломды бағдарламалар және студенттер алмасу секілді бірлескен академиялық бастамалар да сөз болды. Бизнес қолдауымен жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары және студенттерге оқуды жеңілдететін стипендиялық мүмкіндіктер ерекше қызығушылық тудырды.

AIU мен Beijing Glen университеттің халықаралық қатысуын кеңейту және шетелдік студенттер үшін тартымды жағдай жасау мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті. Жақын арада Қытайдан студенттерді қабылдауды арттыру және бірлескен білім беру бастамаларын дамыту бойынша нақты қадамдар жүзеге асырылады.


400