«Алаш заңгерлері»: AIU-де құқық, тарих және тәуелсіздік туралы дәріс өтті

2025 ж. 17 нау., дс, 13:31

Қазақстан Республикасы Парламентінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында 2025 жылғы 17 наурызда Astana International University-де «Алаш заңгерлері» атты ашық дәріс өтті. Іс-шараның спикері Мәжіліс депутаты, еліміздің құрметті заңгері Құспан Абзал Темірғалиұлы болды. Дәріске «Тарих» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттері мен университет оқытушылары қатысты.

Спикердің баяндамасы қатысушыларға ұлттық құқықтық жүйенің қалыптасу процесін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді. Құспан Абзал Темірғалиұлы Алаш қозғалысы заңгерлерінің Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлі, олардың батыл реформалары, әділдікке ұмтылысы және халық мүддесін табанды қорғауы туралы айтты. Сондай-ақ, ол парламентаризмнің дамуы, негізгі заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік басқару жүйесі алдында тұрған қазіргі заманғы сын-қатерлерге тоқталды.

Дәріс студенттердің қызу қызығушылығын тудырды. Болашақ тарихшылар мен халықаралық қатынастар мамандары алаштық заңгерлердің қазіргі құқыққа әсері, заңнаманы реформалау механизмдері және Қазақстанның құқықтық дамуының болашағы туралы сұрақтар қойды. Іс-шара соңында AIU вице-президенті Абдрахманов Қайрат Амангельдинович Құспан Абзал Темірғалиұлына мазмұнды әрі қызықты дәрісі үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулердің жастардың тарихи және құқықтық процестерді терең түсінуіне қосатын маңызын атап өтті.

Іс-шара жылы және танымдық атмосферада өтті, студенттерге Қазақстанның құқықтық тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді. Astana International University спикерге танымды дәрісі мен студенттермен мазмұнды диалог жүргізгені үшін, сондай-ақ, барлық қатысушыларға маңызды тарихи және құқықтық мәселелерді талқылауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреді.


453