CFive Expert Dialogue Series: Жаһандық ғылыми аренадғы қазақстандық тұлғалар

2026 ж. 21 нау., сб, 12:00

Astana International University-ге қарасты «CFive» зияткерлік платформасының ұйымдастыруымен «Батыс пен Шығыстың технологиялық алпауыттары: Жаһандық ғылыми аренадағы қазақстандық тұлғалар» атты сарапшылық диалог өтті. Бұл маңызды жиын әлемнің жетекші инновациялық орталықтарында, ғылыми зертханаларында және стартап-хабтарында табысты еңбек етіп жүрген қазақстандық ғалымдар мен кәсіпкерлердің рөлін талқылауға арналды. Бүгінгі таңда  Стэнфорд университетінен бастап Жапонияның жоғары технологиялық орталықтары білім мен экономикалық өсудің негізгі серпініне айналды. Отандастарымыз осы жаһандық желілердің ажырамас бөлігіне айналып, ғылыми прогреске және трансшекаралық ынтымақтастыққа өз үлестерін қосуда.

Талқылау барысында халықаралық академиялық ұтқырлық пен зерттеу кооперациялары Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашатынын қарастырды. Сарапшылар университеттердің инновациялық хаб ретіндегі рөлін, жаһандық технологиялық желілерге интеграциялану жолдарын және білім экономикасындағы еліміздің позициясын нығайту жолдарын талқылады. Іс-шара спикерлері ретінде халықаралық тәжірибесі мол білікті мамандар, олардың қатарында: Ritsumeikan Asia-Pacific University вице-президенті Серік Мейірманов, АҚШ-тағы TopMDHealth негізін қалаушы Серік Смағұлов, Astana Hub бас директорының кеңесшісі Әлия Сембаева және Назарбаев Университетінің жоба жетекшісі Самат Сағатов болды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, зерттеушілер, кәсіпкерлер мен студенттер арасында еркін пікір алмасуға мүмкіндік берді. «CFive» платформасының төрағасы Искандер Акылбаев модераторлық еткен бұл жиын жас таланттарды ынталандыруға және Қазақстанның жаһандық инновациялық процестерге қатысуын арттыруға септігін тигізді.



103